Өңірлер

Белбеумен буындырған: Шығыс Қазақстанда 13 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

© Sputnik / Тимур Батыршинкісен
кісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2021
Жазылу
Күдікті сот санкциясы негізінде қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 13 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды.

2008 жылдың сәуірінде Аягөз – Қарағанды тасжолының маңынан 35 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Ол буындырылып өлтірілген.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аса ауыр қылмысты ашу бойынша бастапқы тергеу әрекеттері нәтиже бермеді, қылмыскер анықталмады.

"Соған қарамастан қылмыстық іс бойынша жұмыс тоқтамады. Биыл қазанда департамент қызметкерлері күдіктінің ізіне түсті. Риддердің 51 жастағы тұрғыны ұсталды. Әйел жиналған дәлел мен айғақтарды көрсеткен кезде қылмыс жасағанын мойындады", - деді полицияның баспасөз қызметі.

Қылмысқа сүйіктісін қызғану себеп болған. Бір отырыста күдікті жігітін сол әйелден қызғанған. Ол жәбірленушіні пальто белбеуімен буындырып өлтірді.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметовтың айтуынша, күдікті сот санкциясы негізінде қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Кінәсін мойындаған жағдайда оған 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0