Өңірлер

Алматы облысында ауыл тұрғындары кісі өлтірген сатушы туралы айтты

© Sputnik / Абзал КалиевОграбление, иллюстративное фото
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2021
Жазылу
Сатып алушы мен дүкенге келген ер адам арасында жанжал шыққан, сол кезде 39 жастағы сатушы пышақ алып, қарсыласының кеудесіне сұққан. Ер адам қайтыс болды

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Алматы облысы Тұрар ауылында дүкен сатушысы мен сатып алушы арасында жанжал шығып, оқиға қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Ер адам мас сатып алушыға пышақ сұғып, ол қайтыс болды. Содан кейін қанды оқиға болған дүкен бірден жабылды.

Тұрар ауылының 54 жастағы тұрғыны қайтыс болды. Жергілікті тұрғындар оның жиі алкогольдік ішімдік ішкенін айтты. Олардың сөзінше, ауылда мұндай адам көп. Ішімдікті олар көп жағдайда қарызға алған.

Ауылдастары сол күні де жанжалға ішімдік себеп болған деген болжам жасады. Ер адам мас болған.

Сатушы мұндай әрекетке қарызын қайтару үшін барған. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті ұсталды. Оқиға орнына тәртіп сақшылары келгенде ер адам қылмыс жасағанын мойындамады, алайда біраз уақыттан кейін қылмыс жасалған қаруды берді. Ал ауылдастары дүкеншіні сыпайы әрі жылы шырайлы адам ретінде біледі.

"Сатушының аты Асқар. Мен ол мұндай қадамға барады деп ешқашан ойламаппын. Бұл дүкенге азық-түлік алуға жиі келетінмін, ол үнемі күліп қарсы алатын. Ешкімге дөрекі сөйлемейтін. Болған жағдайды естіген кезде шошып кеттім", - деді Тұрар ауылының тұрғыны Мәдібек Жаппасбаев.

Қазір кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облысы полиция департаментінің өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Енді дүкен сатушысы он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0