НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданы Нагорная көшесіндегі тұрғын үйдің екінші қабатында пәтер өртенді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте жеке заттар, төсек жабдықтары жанып жатты. Бірінші кезекте тұрғындар эвакуацияланды. Сондай-ақ өрт сөндірушілер 2007 жылы туған қыз баланы қатты түтіндеген көрші пәтерден алып шықты.
Өрт ошағындағы пәтерден 1972 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өрт сөндірушілер 2 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Алдын ала болжам бойынша өрт мас күйінде темекі шегу кезіндегі абайсыздықтан туындаған.