Өңірлер

Семей тұрғыны ашу үстінде біреудің көлігін өртеп жіберді

© Photo : pixabay.comГорящий автомобиль, иллюстративное фото
Горящий автомобиль, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2021
Жазылу
Жедел-іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлері 35 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Семей қаласының тұрғыны ашу үстінде бір көлікті  өртеп, тағы бірнешеуінің терезесін шағып кетті,  деп хабарлады Polisia.kz.

Әуезов аудандық полиция басқармасына 18 жастағы тұрғын жүгініп, 30 қазанда түнгі уақытта белгісіз біреу үйінің жанында тұрған оның "Nissan" автокөлігін өртеп жібергенін хабарлаған. Келтірілген залал 1 150 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 35 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Тергеу амалдары барысында күдікті жәбірленушінің әкесімен бірге үйде ішімдік ішкені анықталды. Ішімдік ішу кезінде олардың арасында жанжал туындаған. Көлігі өртенген жігіт әкесіне араша түсіп, қонақты бір рет ұрған.

35 жастағы ер адам ашуланып, сыртқа шығып кетеді. Темекі шегіп тұрып, оның тұқылын жәбірленушіге тиесілі “Nissan Presea” автокөлігінің салонына лақтырады.

"Ол онымен қоймай  сол жерде тұрған “ВАЗ-2199” және “Nissan Presea” маркалы тағы екі көліктің терезесін сындырып кеткен. Содан кейін мас күйінде өзінің автокөліне отырып, үйіне бара жатқанда оны патрульдік наряд тоқтатып, полиция бөліміне жеткізді", – деді облыстық полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 202-бабының 1-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясында екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0