03:25 06 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.85
  • EUR512.35
  • RUB5.71
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
3996 0 0

Жер сатамын деп шақырған адамдар кәсіпкер жігітті балтамен ұрып өлтіріп, артынша мәйітін өртеп жіберген

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Шымкентте жұманың кешінде өртенген көліктен табылған мәйітке қатысты тың деректер белгілі болды.  

Туыстарының айтуынша, Сайрам тұрғын алабының тұрғынын өлтіргендер оның қалтасындағы ақшаны көксесе керек. 25 миллион теңгеге жер сатамын деп шақырғандар кәсіпкер жігітті балтамен ұрып өлтіріп, кейіннен өртеп жіберген, деп хабарлады "Астана" арнасы.

35 жастағы ұлы Аваз Жаналиевтің анасы баламды өлтіргенімен қоймай, өртеп жібергені жанымды жегідей жеп барады дейді. Айтуынша, кәсіпкер баласы сол күні таңертең жер сатып алуға шығып кеткен, қалтасында 2 милллион теңге болған. Алайда таяқ тастам жерден хабар болмағасын алаңдап қоңырау соққанмен күндізгі екіден телефоны сөндірулі болған.

"Балам құжаттарын сұраған, үйде қалды деп, алдап алып барған. Сол кезде балтамен ұрыпты. Анасы да арқадан ұрған. Анасы, баласы, келіні үшеуі болған", - дейді марқұмның анасы Гүлзада Жаналиева.

Ауыл іргесінде автокөліктің отқа оранғанын сол маңдағы тұрғын байқаған. Шұғыл көмек шақыртқан да сол. Түгі қалмай жанған машинада адам барын кейіннен байқаған. Мәйітті кісі танып болмайды. Аваздың досының білуінше жер сатпақ болғандар 25 миллион теңгеге келісіп, ақшаны сол сәтте қолма-қол түгел алып келуді қайта-қайта пысықтаған көрінеді.

Марқұмның ет жақындары бұл істе күдікті жалғыз болмағанына сенімді. Алпамсадай Аваз оңайлықпен бой алдырмайтын жігіт деп отыр. Досының сөзінше, тергеуге берген түсінігінде күдікті қылмысын мойындаған.

"Көлік оталып тұрады. Жатқызып, үстіне бензин құйған. Кейін от қойып, сайға итеріп жібермекші болған", - дейді марқұмның досы Расулмат Алимкулов.

Шымкентте өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды

Алайда көлікті сайға итеріп жіберем деген ойы жүзеге аспай қалыпты. Жалынға оранған көліктен қашып бара жатқанын жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалыпты. Күдікті бейнекамера арқылы табылды. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр.

Айта кетейік, туыстарының білуінше ұсталған адам бұрын сотты болған. Ал ұзақ жыл Кореяда жұмыс істеп, елге былтыр ғана оралған Аваздың артында аяғы ауыр келіншегі мен бірі он жаста, екіншісі он айлық ұлы қалды.

Тақырып бойынша

Мәйітті далада өртеп жіберген - Түркістан облысында болған қылмыстың мән-жайы
Түркістан облысында көлікте үш жасар бала өртеніп кетті
Павлодарда қоқыс маңынан ер адамның мәйіті табылды
Қарағанды облысында әйелдің өртенген мәйіті табылды
Өртенген үйден жарақат ізі бар мәйіт табылды: полиция тергеуді бастады
Загрузка...

Басты тақырып