НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой интернеттегі өзі жайлы әзіл-қалжыңға философиялық көзқараспен қарайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бұл қалыпты құбылыс қой, халық шығармашылығы. Менің ойымша, бұған философиялық көзқараспен қарау қажет. Жеке тұлғаға қызығушылықтың болуы қалыпты жағдай. Халық шығармашылығы мәңгі жасайды. Бұл өмір", - деді Цой үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап беріп.
Министр өзі басты кейіпкерге айналған карикатураларды көргенін айтты.
"Әрине, көрдім. Достарым, таныстарым, журналистер өте жиі жіберіп тұрады", - деді Цой.
Оқи отырыңыз: