Қоғам

Тоқаев денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын сынға алды

© Sputnik / Тимур БатыршинМашину скорой помощи после сдачи больного полностью обрабатывают дезинфицирующими средствами
Машину скорой помощи после сдачи больного полностью обрабатывают дезинфицирующими средствами - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрлігі орталық және жергілікті билік органдарының жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ете алмағанын айтты

АЛМАТЫ, 29 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрлігін пандемияның қызған шағында жіберген қателіктері үшін сынға алды.

"Ведомствоаралық комиссия қойылған міндетті орындай алмады. Мұны мойындау керек. Денсаулық сақтау министрлігі орталық және жергілікті билік органдарының жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ете алмады", - деді мемлекет басшысы.

Жергілікті жерлерде уақытылы жасалмаған және тиімділігі төмен шаралар вирустың еңбек ұжымдарына, жүйе құраушы өндіріс орындарында таралуына алып келді, деп атап өтті президент.

"Атырау облысында Теңіз кен орны инфекцияның ірі ошағы болды, ол жерде 1 222 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Алматыда тек азаматтар арасында ғана емес, медицина қызметкерлері арасында да ауру өршіп тұр", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, астанада бірқатар ұйым әлі күнге дейін санитарлық талаптарды бұзып отыр.

"Өңірлерде аурухана төсектері, медицина кадрлары, дәрі-дәрмек, медицина жабдықтарының тапшылығы байқалады", - деді ол.

Жұмыс барысындағы олқылығы үшін Тоқаев Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкіміне, Шымкент, Ақтөбе және Павлодар облыстарының әкіміне, ведомствоаралық комиссияның басшысы Ералы Тоғжановқа сөгіс жариялады.

Сондай-ақ, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары әкіміне аймақтағы жағдайды түзету қажет екенін ескертті. Бұл барлық облыстың басшысына да қатысты, деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов денсаулығына байланысты қызметінен кету туралы өтініш берді. Оның орнына 25 маусымда Алексей Цой денсаулық сақтау министрі болды. Президент министрліктің жаңа басшылығына коронавируспен күресте қосымша шаралар әзірлеуді тапсырды.

Жаңалықтар
0