20:09 18 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.39
  • EUR515.52
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (161)
150 0 0

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, Қазақстанда 101 мыңнан астам адамға екпе егілген. Бұл халықтың 1%-інен де аз

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ирина Унжакова денсаулық сақтау министрлігін халықты жаппай вакциналау жұмысын дұрыс ұйымдастырмай отырғаны үшін сынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілістің бір топ депутаты өз сауалын премьер-министр Асқар Маминге жолдады.

Олардың айтуынша, вакциналау науқаны басталса да, аурудың таралуы бәсеңдер емес, "қызыл" аймақтағы өңірлер саны керісінше көбейіп жатыр.

"Егер үкімет жаппай вакциналау пандемияға қарсы күресте ең бірінші міндет екенін мәлімдесе, онда неге әлі күнге дейін ойластырылған, жүйелі және үйлесімді шаралар қабылданбай отыр? Кеше ғана денсаулық сақтау министрі Цой халықты кезекті рет вакцина салдыруға үндеді. Бірақ вакцинаны қайда барып алу керек деген сұрақ туады? Өйткені өңірлердегі емханаларда еркін айналымда вакцина жоқ", – деді Унжакова.

Айтуынша, қазіргі жағдай өткен жылдағы ахуалды еске салады. Былтыр халық дәл осылай ПТР-тесті қашан және қайда тапсырарын білмей дал болған еді. Ал бүгін вакцинаны қайда және қашан салғызу керектігінен бейхабар.

"Егер бұрынғы министр Біртанов пандемиямен күрестің басын сәтсіздікке ұшыратса, ал қазір министр Цой халықты вакциналау жұмысын "сәтті" күйретіп келеді", – деді сынады Унжакова.

Депутат президенттің вакциналау қарқынын арттыру туралы тапсырмасын үкімет орындай алмай отырғанын атап өтті.

Ол денсаулық сақтау министрлігі былтырғы жағдайдан еш сабақ алмағанын айтты.

Осы орайда Унжакова әлем елдеріндегі вакцинация науқаны қалай жүргізіліп жатқанына тоқталды.

Айтуынша, Израиль, Ұлыбритания, Словакия, Словения, Сербия, Сингапур және тағы басқа елдерде халықтың жартысынан 90%-іне дейін вакцина алған.

"Ал Қазақстанда бүгінгі таңда, денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, 101 мыңнан астам адамға ғана екпе егілді. Бұл халықтың 1%-інен де аз. Ал вакциналау екі ай бұрын басталды. Мұндай қарқынмен 19 миллион халықтың 70%-ін вакциналау үшін 15 жыл қажет. Мұны есептеп шығару үшін асқан математик болу қажет емес", – деп ашуланды депутат.

Оқи отырыңыз: "Қорқыныш бар": әншілер мен спортшылар вакцина салдыруға қатысты пікір білдірді

Сондай-ақ, мәжілісмен коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинамен байланысты шешілмеген түйткіл көп екенін жеткізді. Вакцина өндіретін зауыттардың жұмысына тағылатын сын да аз емес.

Мәселен, ресейлік "Спутник V" вакцинасын өндіруге және жеткізуге 18 миллиард теңге бөлінеді, оның 15,2 миллиард теңгесі – Қарағанды фармацевтика кешеніндегі вакцина өндірісіне бағытталды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, осы уақытқа дейін ол жерде небәрі 243 мың доза өндірілген, оның 93 мыңы пайдаланылса, 150 мыңы қазір өңірлерге таратылып жатыр, деп толықтырды депутат.

Осылай деген депутат үкіметті жалаң ұрандардан нақты іске көшуге шақырды.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (161)

Тақырып бойынша

Вакцина салғызған адам вирус таратушысы бола ма?
"Сотталғандарға өзгелерден бұрын вакцина салынды": министрлік сынға жауап берді
Сәуір айында 60 мыңнан астам астаналыққа вакцина егіледі
"Қазақстандық вакцина салдырдым": профессор екпеге неге бірден келісті
Сауда орталықтары мен базарларда вакцина салдыру үшін не істеу керек
Кілт сөздер:
вакцина, депутат
Загрузка...

Басты тақырып