Оқиға

Нұр-Сұлтанда түнде үш көліктің соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2021
Жазылу
Жас жігіт рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, Киа және Лада көліктерімен соқтығысқан

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтанда түнде үш автокөлік соқтығысып, екі адам зардап шекті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, оқиға 20 қараша түнгі 23:35 шамасында болды.

"Мерседес" рөлінде отырған 20 жастағы жүргізуші Момышұлы даңғылымен Жұмабаев көшесіне қарай кетіп бара жатқан. Осы сәтте жас жігіт рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып, Киа және Лада көліктерімен соқтығысты.

Салдарынан Киа мен Мерседес жүргізушілері дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Соңғысы дәрігерлерге қаралғаннан кейін үйіне жіберілді.

Бұл фактіге қатысты анықтау жүргізіліп жатыр.

Елорданың полиция департаменті жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға және жолда мұқият болуға шақырады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0