Оқиға

Ақтауда жүргізуші тұрақтағы 5 көлікті соғып кетті – видео

© Photo : Pixabay / Alexas_Fotos Дорожная авария, иллюстративное фото
Дорожная авария, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Қыздың айтуынша, көлік жүргізіп келе жатқанда денсаулығы күрт нашарлаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне жіберілді

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Ақтаудағы 17-шағын ауданда жол апаты болды.

Жол апатының жай-жапсары туралы "Лада" басылымы жазды.

Бұған дейін оқиға куәгерлері көлік аударылып, бес көлікті соққанын хабарлаған.

Полиция департаменті жол апаты туралы хабар сағат 12.15-те түскенін айтты. Mitsubishi Pajero жүргізушісі бес көлікті соғып кеткен.  

"Қыздың айтуынша, көлік жүргізіп келе жатқанда денсаулығы күрт нашарлаған (...) Жол апаты салдарынан қыз Маңғыстау облысы ауруханасына жеткізіліп, дәрігердің қарауынан кейін үйіне жіберілді", - делінген хабарламада.  

Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0