НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Алматыда 16 қараша күні кешке "Адем" сауда орталығына қарама-қарсы сегіз автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Куәгерлердің айтуынша, "ГАЗель" көлігі солтүстік бағытта Солтүстік айналма жолымен жүріп бара жатқан.
Алдын ала болжам бойынша, "Адем" сауда орталығына қарама-қарсы жүргізушінің денсаулығы нашарлап, есінен танып қалған. Көлік бордюрге соғылып, жол белгісін құлатып, қатты жылдамдықпен қоқыс таситын ГАЗ-бен соқтығысқан. Кейін бұрылғалы жатқан Toyota Rav4 көлігіне соғылған, екіншісі қатты соққыдан Nissan Mistral-ға қарай ұшып кеткен.
Одан кейін "ГАЗель" қарсы бетке шығып кетіп, Toyota Camry, Lexus, Subaru Impreza автокөліктерімен соқтығысты. Соңғысы Pontiac көлігін іліп әкетті.
Бірнеше көлік соқтығысқан апаттан екі адам – "ГАЗель" жүргізушісі мен Toyota Rav4 басқарған жүргізуші қыз зардап шекті. Жарақат алған олар ауруханаға жатқызылды.
Оқи отырыңыз: