Оқиға

Алматыда 8 көлік соқтығысты: ГАЗель жүргізушісі есінен танып қалған

© Sputnik / Стрингер"Адем" сауда орталығы маңындағы жол апаты
Адем сауда орталығы маңындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Жазылу
Бірнеше көлік соқтығысқан жол апатынан екі адам – ГАЗель мен Toyota Rav жүргізушілері зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Алматыда 16 қараша күні кешке "Адем" сауда орталығына қарама-қарсы сегіз автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Куәгерлердің айтуынша, "ГАЗель" көлігі солтүстік бағытта Солтүстік айналма жолымен жүріп бара жатқан.

© Sputnik / Стрингер"Адем" сауда орталығы маңындағы жол апаты
Адем сауда орталығы маңындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
1/3
"Адем" сауда орталығы маңындағы жол апаты
© Sputnik / Стрингер"Адем" сауда орталығы маңындағы жол апаты
Адем сауда орталығы маңындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
2/3
"Адем" сауда орталығы маңындағы жол апаты
© Sputnik / Стрингер"Адем" сауда орталығы маңындағы жол апаты
Адем сауда орталығы маңындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
3/3
"Адем" сауда орталығы маңындағы жол апаты
1/3
"Адем" сауда орталығы маңындағы жол апаты
2/3
"Адем" сауда орталығы маңындағы жол апаты
3/3
"Адем" сауда орталығы маңындағы жол апаты

Алдын ала болжам бойынша, "Адем" сауда орталығына қарама-қарсы жүргізушінің денсаулығы нашарлап, есінен танып қалған. Көлік бордюрге соғылып, жол белгісін құлатып, қатты жылдамдықпен қоқыс таситын ГАЗ-бен соқтығысқан. Кейін бұрылғалы жатқан Toyota Rav4 көлігіне соғылған, екіншісі қатты соққыдан Nissan Mistral-ға қарай ұшып кеткен.

Одан кейін "ГАЗель" қарсы бетке шығып кетіп, Toyota Camry, Lexus, Subaru Impreza автокөліктерімен соқтығысты. Соңғысы Pontiac көлігін іліп әкетті.

Бірнеше көлік соқтығысқан апаттан екі адам – "ГАЗель" жүргізушісі мен Toyota Rav4 басқарған жүргізуші қыз зардап шекті. Жарақат алған олар ауруханаға жатқызылды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0