Өңірлер

Тағы бір облыс әкімі жалақысы қанша екенін ашық айтты

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2021
Жазылу
Бұған дейін Қызылорда мен Түркістан облыстарының әкімдері ай сайын қанша жалақы алатынын жариялаған еді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жалақысы туралы сұраққа жауап берді.

"Қазір әкімнің айлығы өскенін білесіздер. Менің жалақым 1 миллион 954 мың теңгені құрайды", - деді Махамбет Досмұхамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан мен Қызылорда облыстарының басшылары да өз жалақысы туралы айтты.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ай сайын 1 миллион 900 мың теңге алады. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың да еңбекақысы осы шамалас.

Әбдіқалықованың айтуынша, жалақы көтерілгенге дейін ол айына 986 мың теңге алған.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0