Өңірлер

Ақтөбеде есірткіге мас күйінде автобус рөліне отырған жүргізушісі ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевВодитель автобуса
Водитель автобуса - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Жазылу
Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің жағдайы күдік тудырды, содан кейін ол медициналық куәландыруға жіберілді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Ақтөбеде мас автобус жүргізушісі жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

18 қарашада сағат 06:15 шамасында Едіге батыр даңғылының бойында полиция жол ережесін бұзған “ПАЗ-32054” маркалы автобустың жүргізушісін тоқтатты.

Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің жағдайы күдік тудырды, содан кейін ол медициналық куәландыруға жіберілді. Сараптама нәтижесінде жүргізуші есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.

Мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін 53 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісіне жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасына тартылды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0