Өңірлер

Шығыс Қазақстанда рөлде ұйықтап кеткен полицей жол апатын жасады

© Photo : Рixabay/Kira Hoffmann Трещины на стекле, архивное фото
Трещины на стекле, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2021
Жазылу
Полиция жол талғамайтын Lexus көлігінің жүргізушісі құқық қорғау органының қызметкері екенін растады

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Үлбі көпірінде полиция қызметкері жол апатын жасады.

Жол талғамайтын Lexus көлігі №32 автобуспен соқтығысты, деп жазды Noks.kz. Әлеуметтік желіде апат болған жерде түсірілген видео жарияланды.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті жол апаты 12 қараша сағат 13:00 шамасында болғанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша Lexus жүргізуші рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан. Қоғамдық көлікте төрт адам болған", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан автобустың жүргізушісі мен жолаушылары жарақат алды. 

Сондай-ақ департамент Lexus жүргізушісі полиция қызметкері екенін, алайда кезекшіліктен кейінгі демалысында болғанын хабарлады. Болжам бойынша ол көлік жүргізіп келе жатып ұйықтап кеткен.

Оқиға куәгерлері көлік жүргізушісі мас болған деп болжады. Бірақ медициналық сараптама жүргізушінің сау екенін көрсетті. Полицей де жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 

Оқи отырыңыз:

 

Жаңалықтар
0