Өңірлер

Жүргізуші әйел мас болған: Ақтөбеде жол апатына түскен көлік өртеніп кетті – видео

© Photo : Polisia.kzМашина загорелась после столкновения в Актобе
Машина загорелась после столкновения в Актобе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Жазылу
"Daewoo Nexia" автокөлігінің жүргізушісі жан сақтау бөлімінде жатыр, өзгелерінің жағдайы орташа

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан “Daewoo Nexia” көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қараша күні таңғы сағат 06:00 шамасында 312-атқыштар дивизиясы даңғылының бойында "Гелиос" жанармай бекетінің жанында "Daewoo Nexia" автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолақтағы "Lada Priora" және "Opel Vectra" автокөліктерімен соқтығысқан. Апат салдарынан "Daewoo Nexia" сол жерде өртеніп кетті. Көліктің ресейлік тіркеуде тұрғаны анықталды.

"Daewoo Nexia" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы және "Lada Priora" көлігінің жүргізушілері түрлі жарақаттармен Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

"Daewoo Nexia" жүргізушісі бұрылыста рөлді басқара алмай, екі көлікпен соқтығысқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 

Апат болған жерге полиция қызметкерлері мен өрт сөндіру қызметі келді.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 31 жастағы әйел жүргізуші “Daewoo Nexia” автокөлігін мас күйінде басқарған. "Daewoo Nexia" автокөлігінің жүргізушісі жан сақтау бөлімінде жатыр, өзгелерінің жағдайы орташа. 

Оқи отырыңыз: 

Екі адам көз жұмды: Ақтаудағы жол апатының видеосы пайда болды

Батыс Қазақстанда дәрі-дәрмек тиелген көлік отқа оранды

Жаңалықтар
0