НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Орал-Атырау тас жолында "Газелт" көлігі өртенді, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
© Photo : Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментіБатыс Қазақстан облысында көлік өртенді
Батыс Қазақстан облысында көлік өртенді
© Photo : Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті
Ведомствоның мәліметінше, көлік Ақжайық ауданы аумағында Самал елді мекенінің жанында өртенген.
"Өрт түнгі 01.15-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен кінәлілер анықталып жатыр. Өртті сөндіруге бір техника мен бес өрт сөндіруші жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Көлік жеке кәсіпкерге тиесілі. Оның ішінде медициналық препараттар болған.
Өрт болған жерде полиция қызметкерлері де жұмыс істеді.