Оқиға

Батыс Қазақстанда дәрі-дәрмек тиелген көлік отқа оранды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуСотрудники МЧС во время тушения пожара, архивное фото
Сотрудники МЧС во время тушения пожара, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Жазылу
Ведомствоның мәліметінше, көлік Ақжайық ауданы аумағында Самал елді мекенінің жанында өртенген

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Орал-Атырау тас жолында "Газелт" көлігі өртенді, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

© Photo : Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментіБатыс Қазақстан облысында көлік өртенді
Батыс Қазақстанда дәрі-дәрмек тиелген көлік отқа оранды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Батыс Қазақстан облысында көлік өртенді

Ведомствоның мәліметінше, көлік Ақжайық ауданы аумағында Самал елді мекенінің жанында өртенген. 

"Өрт түнгі 01.15-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен кінәлілер анықталып жатыр. Өртті сөндіруге бір техника мен бес өрт сөндіруші жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Көлік жеке кәсіпкерге тиесілі. Оның ішінде медициналық препараттар болған. 

Өрт болған жерде полиция қызметкерлері де жұмыс істеді. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0