Білім

Қазақстандық студенттердің стипендиясы тағы өседі

© Photo : vidhyarthidarpanСтуденты на занятиях
Студенты на занятиях  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Қазір бакалавр студенттері 31 423 теңге стипендия алады. Педагогика мамандықтары бойынша оқитын студенттерге 50 400 теңге төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. 2025 жылға қарай студенттердың шәкіртақысы тағы екі есеге өседі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр соңғы жылдары гранттар саны екі есеге жуық өскенін атап өтті. Айтуынша, 2025 жылға қарай гранттар саны кезең-кезеңмен 75 мыңға дейін жетеді.

Сонымен қатар студенттердің шәкіртақысы да көбейеді.

"Президент тапсырмасы аясында студенттердің стипендиясы 2025 жылға қарай екі есеге, ал магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге артады", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Айта кетері, қазір бакалавр студенттері 31 423 теңге стипендия алады. Педагогика мамандықтары бойынша оқитын студенттерге 50 400 теңге төленеді.

Болашақ дәрігерлердің шәкіртақысы да екі есеге – 26 186 теңгеден 50 400 теңгеге дейін ұлғайды.

Магистранттардың стипендиясы – 76 950 теңге, докторанттар – 172 500 теңге алады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0