Білім және ғылым министрлігінің ақпаратынша, бакалавр стипендиясы 20%-ке, магистранттар мен докторанттарда 15%-ке артты.
Енді бакалавр 26 186 теңгенің орнына 31 423 теңге алады. Педагогика мамандықтары бойынша оқитын студенттерге бұрынғыдай 42 000 теңге емес, 50 400 теңге төленеді.
Болашақ дәрігерлердің шәкіртақысы екі есеге – 26 186 теңгеден 50 400 теңгеге дейін ұлғайды.
Магистранттардың шәкіртақысы 76 950 теңге (бұрын 66 913 теңге), докторанттарда – 172 500 теңге (бұрын 150 000 теңге), интерндерде 59 289 теңгені (бұрын 47 431 теңге) құрады.