Оқиға

Қостанай облысында болған жол апатынан анасы мен қызы қайтыс болды

© SputnikДонор
Донор  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Жазылу
36 жастағы әйел рөлде болған. Көлікте 14 және 16 жастағы екі қызы отырған. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Қостанай облысында болған жол апатында көлік жүргізген әйел мен оның 14 жастағы қызы көз жұмды.

Жол апаты Қостанай–Мамлютқа тасжолының 46-шақырымында Владимировка ауылына жақын жерде болған. 36 жастағы әйел LIFAN маркалы көліктің рөліне ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Сол кезде алдынан жүк тиелген КамАЗ шықты. Рөлде 60 жастағы Ресей азаматы болды. Жеңіл көлік КамАЗ-дың астына кіріп кетті, деп хабарлайды Аlau.kz порталы.

Салонда болған 14 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмды. Рөлде отырған әйел облыстық ауруханаға жеткізілді. Бірақ ол да көп ұзамай, қайтыс болды.

Ал 16 жастағы қыз аман қалды. Анасы мен сіңлісінен айырылған бойжеткен Меңдіқара аудандық ауруханасында жеткізілді. 

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0