Оқиға

Оралда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза болды - видео

© Photo : polisia.kzОралда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза болды - видео
Оралда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза болды - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2021
Жазылу
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады полицейлер

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан –  Sputnik. Орал қаласында екі көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция жол апатының видеосын жариялады.

Жол апаты 9 қазанда Абай даңғылында болған. Lada Priora көлігінің жүргізушісі кері бұрылып жатқан. Сол кезде Мercedes қатты жылдамдықпен бүйіріне соғылады. Lada-ның жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл бап бойынша белгілi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: 

Көлік қақ бөлінген: Алматы түбіндегі жол апаты адам өмірін қиды – видео

Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілерге ескерту жасады

 

 

Жаңалықтар
0