Оқиға

Көлік қақ бөлінген: Алматы түбіндегі жол апаты адам өмірін қиды – видео

© Photo : Минобороны КазахстанаВоенная полиция Казахстана перекрыла трассу
Военная полиция Казахстана перекрыла трассу - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2021
Жазылу
Жол апаты салдарынан жарақат алған тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Алматы облысында рөлге ие бола алмай қалған жас жігіт жол апатынан көз жұмды.

8 қазанда сағат 17:30 шамасында Еңбекшіқазақ ауданында "Алматы-Көкпек-Көктал" тасжолының 39-шақырымында Mercedes-Benz автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі жол апатын жасады. Жас жігіт рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен, содан кейін Audi C-4 және Toyota Camry автокөліктерімен соқтығысқан, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апатының салдарын куәгерлер видеоға түсіріп алған.

"Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады полиция.

Mercedes қатты соққыдан қақ бөлінген, қалған екі көлік жапырылып кетіпті.

Полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабының үшінші бөлігі (Жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар белгіленді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0