Оқиға

Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апаты болды: бес адам көз жұмды

© Photo : Pixabay / Alexas_Fotos Дорожная авария, иллюстративное фото
Дорожная авария, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2021
Жазылу
Оқиға орнында екі жүргізуші, үш жолаушы қайтыс болды. Toyota Camry автокөлігінің бір жолаушысы ауыр халде ауруханаға жеткізілді

АЛМАТЫ, 30 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында бейсенбіге қараған түні жантүршігерлік жол апатынан бес адам ажал құшты, деп хабарлады елорда полициясының баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Оқиға 30 қыркүйекте сағат 00:34 шамасында болған. Toyota Camry автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзені арқылы өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай жүріп, жылдамдықты асырған. Артынша рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nexıa Ravon автокөлігімен соқтығысқан. Ол көліктің тізгінінде 28 жастағы жүргізуші болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Жол апатынан 5 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алды.

Оқиға орнында екі жүргізуші, үш жолаушы қайтыс болды. Toyota Camry автокөлігінің бір жолаушысы ауыр халде қала ауруханасына жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Сау-тамтығы қалмаған: Жамбыл облысында болған жол апатының видеосы жарияланды

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (көлiкті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жағдай) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерге жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жолда қырағы болуға шақырды.

Жаңалықтар
0