Спорт

"Алға, Қазақстан": Головкин желіде жазба жариялады

© AP Photo / Frank Franklin IIГеннадий Головкин
Геннадий Головкин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Жазылу
Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларға Азия ойындарына дайындықта сәттілік тіледі

АЛМАТЫ, 11 қараша – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Белградта өткен әлем чемпионатында жүлде алған қазақстандық боксшыларды құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сербияда өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен қазақстандық боксшылар үшін қуаныштымын. Спортшыларды, жаттықтырушыларды және Кеңес Хамитұлы бастаған федерацияны лайықты нәтижемен құттықтаймын. Алға, Қазақстан!", - деп жазды Головкин Twitter парақшасында.

Ол сондай-ақ боксшыларға Азия ойындарына дайындықта сәттілік тіледі.

Айта кетері, қазақ боксшылары 2021 жылғы әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс және бір қола жүлде жеңіп алды. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша бас бапкер Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен команда жалпы жүлде кестесінде екінші орынды иеленді.

Әлем чемпионатында Теміртас Жүсіпов (48 кг) пен Сәкен Бибосынов (51 кг) алтын алды, Махмұд Сабырхан (54 кг) мен Серік Теміржанов (57 кг) күміс, Абылайхан Жүсіпов (67 кг) қола жеңіп алды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0