Спорт

"Канело" Плантты жеңгеннен кейін Головкинге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады – видео

© REUTERS / Las Vegas Sun/Steve MarcusСауль "Канело" Альварес (слева) и Геннадий Головкин
Сауль Канело Альварес (слева) и Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2021
Жазылу
Сауль Альварес америкалық Калеб Плантты жеңгеннен кейін Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша – Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль Альварес америкалық Калеб Плантты жеңгеннен кейін өз жоспарлары туралы айтып, қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлады Match.tv.

"Мен үшін тағы төрт жекпе-жек өткізу – қалыпты жағдай. Үш немесе төрт жекпе-жек өткізуге дайынмын. Мен еркін агентпін, сондықтан үздік жекпе-жектерге қатысқым келеді", - деді Альварес.

Оқи отырыңыз: "Канело" көз түйістіру кезінде төбелесіп кетті – видео 

Сондай-ақ "Канело" орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге қатысты ойын айтты.  

"Менің (Головкинмен– Sputnik) жұдырықтасқым келеді. Неге жекпе-жек өткізбеске? Егер ол супер орта салмаққа ауысуға дайын болса, мен дайынмын. Әрқашан. Абсолютті чемпион болу оңай емес. Үздіктермен жұдырықтасуға әрқашан дайынмын", – деп толықтырды ол.

Альварестің Головкинмен 2017 жылдың қыркүйегінде өткен алғашқы жекпе-жегі тең аяқталды. Тура бір жылдан кейін қарымта кездесуде мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Альварес Плантты 11-ші раундта нокаутқа түсіріп, супер орта салмақ тарихындағы алғашқы абсолютті әлем чемпионы атанды.

 

Жаңалықтар
0