Спорт

Головкин келеcі жылы кіммен жұдырықтасады?

© AP Photo / Richard DrewГеннадий Головкин
Геннадий Головкин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2021
Жазылу
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Деметриус Андраде жекпе-жегін ұйымдастыруға мүдделі екенін айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Британия боксшысы Крис Юбэнк-кіші келесі жылы орта салмақта IBF пен IBO чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлады Prosports.kz сайты.

"Екеуміздің жекпе-жегіміз алдағы 12 айдың ішінде өтетінін білемін. Өтпей қалуына қандай да бір кедергі көріп тұрғаным жоқ. Головкиннің командасы қызығушылық танытып отыр. Бокс жанкүйерлері де бұл айқасты көргісі келеді. Бұл өте ауқымды жекпе-жек. Оның үстіне Ұлыбританияда өтетін болса", - деді боксшы Boxing Social басылымына берген сұхбатында. 

Бұған дейін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн өзінің екі клиенті – Геннадий Головкин мен америкалық Деметриус Андраде арасында бірігу жекпе-жегін ұйымдастыруға мүдделі екенін айтқан еді. 

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин – орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. WBO белбеуі Деметриус Андрадеге, WBC белбеуі Джермалл Чарлоға, WBA Super титулы Риота Муратаға тиесілі.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0