Оқиға

Алматыда төрт көлік соқтығысты: үш айлық сәби зардап шекті

© Sputnik / СтрингерЧетыре машины пострадали в ДТП на улице Байтурсынова
Четыре машины пострадали в ДТП на улице Байтурсынова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2021
Жазылу
Куәгерлердің айтуынша, Байтұрсынов көшесі бойымен солтүстік бағытта қозғалған ондаған көлік Гоголь көшесінің алдында пайда болған кептеліске тоқтаған

АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Алматы полициясы үш айлық сәби зардап шеккен жол апатының себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Төрт көлік жол апатына түскен оқиға күндіз сағат бір шамасында Байтұрсынұлы көшесінің бойында Әйтеке би мен Гоголь көшесінің ортасында болды.

© Sputnik / СтрингерЖол апаты автокөліктің белгісіз себептен кептелісте тоқтай алмауынан туған
Алматыда төрт көлік соқтығысты: үш айлық сәби зардап шекті - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2021
Жол апаты автокөліктің белгісіз себептен кептелісте тоқтай алмауынан туған

Куәгерлердің айтуынша, Байтұрсынов көшесі бойымен солтүстік бағытта қозғалған ондаған көлік Гоголь көшесінің алдында пайда болған кептеліске тоқтаған. Осы кезде жолда келе жатқан Ford Focus көлігі кептелісте тұрған көліктерге соқтығысты.

Ол Mitsubishi Lancer көлігін соққан. Ал ол көлік өзінің жанында тұрған Mitsubishi Montero Sport жол талғамайтын көлігінің астына кіріп кетті. Ал ол Volkswagen Polo автокөлігін соқты.

© Sputnik / СтрингерЖол апатынан төрт көлікке зақым келді. Сондай-ақ Mitsubishi көлігінде болған үш айлық сәби зардап шекті
Алматыда төрт көлік соқтығысты: үш айлық сәби зардап шекті - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2021
Жол апатынан төрт көлікке зақым келді. Сондай-ақ Mitsubishi көлігінде болған үш айлық сәби зардап шекті

Апаттан Mitsubishi Lancer көлігі ішінде болған үш айлық сәби зардап шекті. Дәрігерлер қарағаннан кейін бала түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.

Қазір оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Енді олар алдында бір топ көлік тұрғанына қарамастан Ford Focus жүргізушісінің неге тоқтамағанын анықтайды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0