Оқиға

Риддерде қоқыс төгуге шыққан баланы джип басып кетті – оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2021
Жазылу
Соққының қатты болғаны сонша, темір және бетон тосқауыл қирап қалды. Ал контейнер бірнеше метрге ұшып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында қоқыс төгуге шыққан баланы контейнерлер тұрған жерде көлік басып кеткен. Қазіргі кезде нейрохирургтар 10 жастағы Никитаның өмірін сақтап қалуға тырысып жатыр.

Бұл оқиға өткен жексенбі күні болған. Mitsubishi маркалы жол талғамайтын көлік мінген 35 жастағы жүргізуші баланы басып кетті. Noks.kz басылымына сұхбат берген Никитаның әкесі оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"Сол күні сағат 12 кезінде ұлыма қоқыс төгіп келші дедім. Ал қоқысты лақтыру үшін жолдың арғы жағына өтудің қажеті де жоқ. Себебі контейнер дәл үйдің жанында орналасқан. Балам дәл сол контейнерлер алаңында тұрғанда оны джип соққан", - дейді ол.

Соққының қатты болғаны сонша, темір және бетон тосқауыл қирап қалды. Ал контейнер бірнеше метрге ұшып кеткен. Куәгерлер баланы күл-қоқыстың арасынан шығарып алды. Баланың телефонын қолды қылған адамдар да болған. Артынан смартофонмен байланыс үзілді. Біреулер оны сөндіріп тастапты.

"Он минуттан кейін Никита келмеген соң мен оның мобильді телефонына қоңырау шалдым. Гудок барып тұрған. Бірақ ешкім алмады. Ұлым балалармен ойнап кетті деп ойладым да, қоя салдым. Артынан үйге полицейлер келді. Олар ұлымның қалтасындағы кілтке қарап, үйдің нөмірін білген", - дейді Никитаның әкесі.

Қалалық ауруханада оған "бас сүйек-ми зақымы" деген диагноз қойды. Сол күні Риддерге облыс орталығынан нейрохирургтар келген. Олар баланың өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты. Себебі миы ісіп кетті. Өскемен қаласындағы арнайы бөлімге де әзірше тасымалдауға болмайды.

Оқи отырыңыз: Інісінің артынан секірген: Түркістанда екі бала дәретханаға құлап кетті

Қазіргі кезде оқушы бала ес-түссіз жатыр. Ол жасанды желдету аппаратына қосылды. Ал тамақты зонд арқылы беріп отырады.

Көлік жүргізушісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 2-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оған сәйкес, белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, 2 000 айлық есептік көрсеткішке (5 834 000 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0