Оқиға

Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты: зардап шеккендер бар – видео

© Sputnik / СтрингерАвтобус столкнулся с троллейбусом на улице Толе би
Автобус столкнулся с троллейбусом на улице Толе би - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2021
Жазылу
Жол апатынан жолаушылар мен жүргізушілер зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша — Sputnik. Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол апаты Төле би көшесі мен Абылайхан даңғылының қиылысында болған.

© Sputnik / СтрингерАлматыда автобус пен троллейбус соқтығысты
Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты: зардап шеккендер бар – видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2021
Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты

№5 троллейбус Абылай хан даңғылымен келе жатқанда оған №48 бағдарындағы автобус бар жылдамдықпен келіп соғылады. Неге екені белгісіз, автобус жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамаған.

© Sputnik / СтрингерАлматыда автобус пен троллейбус соқтығысты
Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты: зардап шеккендер бар – видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2021
Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты

Жол апаты салдарынан автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, бордюрге тіреледі. Қуанышқа орай, бұл уақытта қиылыста көлік болмаған.

Апат кезінде жеті адам зардап шекті: екі жүргізуші мен автобустың бес жолаушысы. Барлығы түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтар
0