Қоғам

Ақтөбеде білім беру орталығының менеджері ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевЗаседании коллегии агентства по противодействию коррупции по итогам года
Заседании коллегии агентства по противодействию коррупции по итогам года - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2021
Жазылу
"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының" менеджері 66 миллион теңгені жымқырды деп айыпталуда

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысының "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының" менеджері ұсталды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысының "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының" КАО менеджері ұйымдастырған қылмыстық жымқыру схемасын әшкереледі, ол өзінің үлестес жеке кәсіпкерлері мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері арқылы 30 шаруа қожалығының жайылымдық суару жүйесіне күн батареяларын жоғарылатылған бағамен орнатқан", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша 66 миллион теңге жымқырылған.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Соңғы шешімді сот анықтайды.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды, деп толықтырды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0