Оқиға

Полиция Қызылордада бірнеше адамды ұстау сәтінің видеосын таратты

© Photo : предоставлено очевидцамиНаручники
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2021
Жазылу
Қазіргі таңда іске қатысы бар басқа да тұлғалар анықталып, тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланды

ҚЫЗЫЛОРДА, 2 қараша – Sputnik. Қызылордада ойын-сауық орнының меңгерушісін қорқытып, ақша бопсалағандар ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Оқиға Қызылорда облысының Шиелі ауданында болған. Ауданның орталығындағы ойын-сауық орнының меңгерушісін бір топ жас жігіт қорқытып, ақша бопсалаған. 

Қызылорда облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы күдіктілерді ұстады.

"Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігіне сәйкес ("Қорқытып алу") сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Олардың жәбірленушіден бірнеше мәрте ақша алғаны белгілі болды", – деді Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Шиелі ауданының 29 жастағы тұрғыны ұсталып, айғақ зат ретінде жәбірленушіден алынған ақша тәркіленген.

Сондай-ақ, аудан орталығында Шиелі ауданының үш тұрғыны ұсталды. Төрт күдікті Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда басқа да тұлғалар мен мән-жайлар анықталып, тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Жаңалықтар
0