АЛМАТЫ, 1 қараша — Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаржыны жымқыру ісі бойынша арнайы операция жүргізілгенін мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында тінту мен қамауға алу жүргізіліп жатыр.
"Барлығы ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияны жымқыруға байланысты ұсталды", - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Агенттік толығырақ қосымша хабарлайтынын жеткізді.
Қазақстандық БАҚ-тың ақпараты бойынша, аталған қылмыс арқылы мемлекетке миллиардтаған шығын келген.