НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Алматыда танысын зорлаған ер адам 6 жылға сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полиция департаменті тергеу басқармасының мәліметінше, Ш.есімді азамат жаңа жыл қарсаңында корпоративтік кештерді ұйымдастырамыз деген сылтаумен өзі бұрын бірге жұмыс істеген танысы Б.есімді әйелді келіссөз жүргізуге шақырған.
"Ер адам жалға берілетін пәтерді алдын ала жалдап, онда жәбірленушіні аяусыз ұрып-соғып, бірнеше сағат бойы зорлаған, сондай-ақ жыныстық сипаттағы басқа да зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған", – деп хабарлады Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктінің кінәсі толық дәлелденді.
Медеу ауданы сотының үкімімен Ш. есімді азамат Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі, 121-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Оқи отырыңыз: