НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Өзбекстанда жаға ұстатарлық жағдай болды. Ташкент педагогика институында декан орынбасары студент қызды зорламақ болып, екінші қабаттағы кабинеттің терезесінен итеріп жіберген, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тергеу барысында анықталғандай, 3-курс студенті байқауға мінездеме алу үшін декан орынбасарының кабинетіне кірген. Бірақ ер адам есікті іштен жауып, қызды зорламақ болады. Осы сәтте қыз ашық тұрған терезеге жүгіріп, көмек сұрайды. Алайда декан орынбасары оны терезеден итеріп жіберген.
Ауыр жарақат алған студент шұғыл ауруханаға жеткізілді, оған бірнеше ота жасалды.
Декан орынбасары қыз терезені жуып жүргенде өзі құлап түсті деп ақталған. Алайда тергеушілер оның бұл жауабына сенген жоқ. Күдікті ұсталды. Өзбекстан Қылмыстық кодексінің "Зорлау" және "Денсаулыққа қасақана орташа дәрежеде зиян келтіру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады елдің ішкі істер бас басқармасы.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, студент жабық бас сүйек-ми жарақатын алды, сүйегі сынып, миы шайқалған, маңдайы жарылған.
Қазір қыздың жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында.
Оқи отырыңыз: