НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан — Sputnik. Алматы облысында полиция таксиге бірге мінген әйелді зорлады деген күдікпен 17 жастағы жігітті қолға түсірді, деп хабарлайды өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Іле ауданындағы полицияның кезекші бөліміне жас әйел шағымданды. Оның айтуынша, 9 қазанда түнгі сағат үш шамасында ол Алматы қаласының №1 теміржол бекетінен үйге жету үшін таксиге мінген.
Жолшыбай такси жүргізушісі тағы бір жолаушының өтініші бойынша Түйменбаев ауылының жанындағы жолдан бұрылған. Елсіз жерде оған тап беріп, соққыға жығып, зорлап, алтын алқасын тартып алған. Қылмыс күдіктіге сыбайлас болған таксии жүргізушісінің қатысуымен орындалған.
Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол 17 жастағы Боралдай елді мекенінің тұрғыны екені белгілі болды. Күдікті қылмысты мойындап, қамауға алынды. Сонымен қатар күдіктімен бір ауылда тұратын 22 жастағы такси жүргізушісі де ұсталды. Полиция тергеу кезінде таксис әрекетіне тиісті құқықтық баға берілетінін айтты.
"Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі ("Зорлау") және 191-бабының 2-бөлігі ("Тонау") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу басшылықтың ерекше бақылауында тұр", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.