НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Ақтауда ерекше жол апаты видеоға түсіп қалған. Scoda көлігі екі дөңгелекпен жүріп, аударылып кете жаздады.
Жол апаты 2021 жылдың 26 қазанында болған, видео әлеуметтік желіде бүгін пайда болды.
Scoda сол жақтағы жолаққа шыққан Mercedes-Benz көлігімен соқтығысқан. Салдарынан көліктердің бірі екі дөңгелегімен тұрып қалды, деп жазды Lada өңірлік басылымы.
"Зардап шеккендер жоқ. Mercedes-Benz жүргізушісіне қатысты Әкімшілік кодекстің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады полиция.
Бұл бап бойынша тәртіп бұзушы жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.
Оқи отырыңыз: