Қоғам

Халық санағының мерзімі ұзартылды

© Sputnik / Абзал КалиевБуклеты национальной переписи населения
Буклеты национальной переписи населения - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2021
Жазылу
Ұлттық статистика бюросы Sanaq.gov.kz сайтындағы онлайн-санақ функциясы 8 қарашаға дейін жұмыс істейтінін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша –  Sputnik. Ұлттық статистика бюросы халық санағының негізгі кезеңі аяқталғанын, бірақ үй-үйді аралау және онлайн-санақтың жалғасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Халық санағының негізгі кезеңі аяқталды. 8 қарашаға дейін нақтылау шаралары жүргізіледі. Sanaq.gov.kz сайтындағы онлайн-санақ функциясы да сол уақытқа дейін қолжетімді екенін хабарлаймыз. Іс-шараға қатысқан баршаңызға алғыс айтамыз!", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, халық санағының негізгі кезеңі 1 қыркүйекте басталып, 30 қазанда аяқталған. Басында тек онлайн-санақ жүргізілді. Ал бір айдан кейін статистика мамандары үй-үйді аралап, санақ парақтарын толтыра бастады. Бірақ оларға есік ашпаған адамдар аз емес. Содан 21 қазанда онлай-санақ қызметі қайтадан іске қосылды.

27 қазанда ұлттық статистика бюросы халықты санақпен қамту көрсеткіші 18 111 266 адамға немесе 95,2%-ке жеткенін хабарлады. 

Алматы қаласы жоспарды 108,2%-ке орындап, көш бастап тұрған. 1 тамыздағы жағдай бойынша мегаполисте тұрақты тұратындардың саны 2 005 496 адамды құраған. Онлайн санақ пен интервьюерлер жүргізген сауалнаманың аралық нәтижесі қазіргі уақытта қалада 2 170 715 респондент бар екенін көрсетті.

Сол сияқты Жамбыл (101,5%), Алматы (101,4%), Түркістан (100,7%) облыстары мен Шымкент (100,6%) қаласында нақты тұратын халықтың саны көп болып шықты.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0