Видео

Халық санағынан қалай онлайн өтуге болады - видео

Жазылу
Онлайн санақтан өту қайта іске қосылды. Санақтан онлайн өту мүмкіндігі тоқтатылған соң еліміздің барлық өңірлерінен, әсіресе, қалалардан онлайн санақ функциясы мерзімін ұзарту туралы көптеген өтініш түсе бастады

Осыған байланысты ұлттық статистика бюросы онлайн сауалнама функциясын қайта қосу туралы шешім қабылдады.

 SANAQ.GOV.KZ сайтынан бөлек санақ сауалдарына E-Gov порталы немесе Aitu мобильді қосымшасы арқылы жауап беруге болады.

Санақтан өту инструкциясын SANAQ.GOV.KZ сайтынан көре аласыз.

Айта кетейік, 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн-санақ функциясын азаматтардың 40 пайызға жуығы пайдаланған. 1 қазаннан бастап интервьюерлер үй-үйді аралауды бастады. Олар қазірдің өзінде 5938259 адамға сауал салу жүргізді. Онлайн өткен респонденттер келген хабарламаны интервьюерлерге көрсетуі тиіс.

Жаңалықтар
0