Оқиға

Ақмола облысында тас жолда жеті көлік соқтығысты

© Sputnik / СтрингерВ Алматы Mercedes въехал в трактор
В Алматы Mercedes въехал в трактор - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2021
Жазылу
Жаппай жол апатынан қаза тапқандар жоқ, алайда бірнеше адам жарақат алды. Олардың арасында тоғыз жасар бала бар

КӨКШЕТАУ, 1 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан-Петропавл тас жолында жеті көлік жол апатына ұшырады. Қаза тапқандар жоқ, төрт жолаушы, оның ішінде тоғыз жастағы бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Біржан сал ауданы ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолының 186 шақырымында жол апаты болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.  

"Toyota Camry жүргізушісі, Нұр-Сұлтан қаласының 22 жастағы тұрғыны Петропавл бағытында келе жатып, орталық қисық сызықты білеуді соғып кеткен. Жол апаты салдарынан әртүрлі маркадағы жеті көлік соқтығысты. 4 жолаушы, оның ішінде 9 жасар бала түрлі дене жарақатымен Бұланды ауданының орталық ауруханасына жеткізілді", - деп түсініктеме берді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, көлік жүргізушілері сау.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0