Өңірлер

Нұр-Сұлтанда бес адамның өмірін қиған жол апатына қатысты тың дерек шықты

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтутемір тор
темір тор - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.10.2021
Жазылу
Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов сол күні екі көліктің жарысқанын растады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда бес адамның өмірін қиған жол апатына себепші болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов сол күні екі көліктің жарысқанын растады.

Оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі ұсталды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша тергеу басталды.

"Бір тәуліктің ішінде 19 жастағы қала тұрғыны ұсталған болатын. Ол сот санкциясымен екі айға, яғни, 30 қарашаға дейін қамауға алынды", - дейді Әділов.

Оның айтуынша, Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйекте сағат 00:34 шамасында Toyota Camry автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзені арқылы өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай келе жатып, жылдамдықты асырған. Артынша рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nexıa Ravon автокөлігімен соқтығысқан. Ол көліктің тізгінінде 28 жастағы жүргізуші болды.

Жол апатынан 5 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алды.

Оқиға орнында екі жүргізуші, үш жолаушы қайтыс болды. Toyota Camry автокөлігінің бір жолаушысы ауыр халде қала ауруханасына жеткізілді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0