Елорда тынысы

Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 50 процентке өсті – Көлгінов  

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге монеты купюры
Деньги, тенге монеты купюры  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2021
Жазылу
Еңбекақыны 2022 жылдан бастап 25 процентке, 2023 жылдан бастап тағы 25%-ке ұлғайту жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

"Әлеуметтік сала қызметкерлері ерекше қажеттілігі бар жандарға, егде жастағы тұрғындарға, тұрмысы төмен адамдарға және көмекке, сол сияқты қамқорлық пен мейірімге мұқтаж адамдарға көмектеседі", - деп жазды әкім Instagram парақшасында.

Көлгінов елордада оңалту орталықтарының санын ұлғайту, әлеуметтік орталықтардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, жұмыс орындарын құру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Мысалы келесі жылы тағы бір оңалту орталығын салуды жоспарлап отырмыз. Биыл әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 50%-ке дейін өсті. Енді 2022 жылдан бастап 25%, 2023 жылдан бастап тағы 25%-ке ұлғайту жоспарланып отыр", - деп толықтырды ол.

Алтай Көлгінов әлеуметтік сала қызметкерлеріне қажырлы еңбегі үшін алғыс айтып, зор денсаулық, отбасыларына амандық пен табыс тіледі.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0