Елорда тынысы

"Elorda Jastary" бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

CC0 / / кілт
кілт - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2021
Жазылу
Тұрғын үй бағдарламасының негізгі шарты - "Отбасы банктің" салымшысы болу. Қатысушының есепшоты мен депозиті болуы керек

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. "Elorda Jastary" арнайы тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Құжаттарды 21 қазанға дейін тапсыруға болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жеңілдетілген несие беру бағдарламасы "Отбасы банк" арқылы іске асырып жатыр. Оған медицина, педагогика, мәдениет, әлеуметтік сала, коммуналдық кәсіпорындар, полиция, төтенше жағдай қызметі, журналистер, жаттықтырушылар мен спортшылар қатыса алады.

35 жасқа дейінгі (35 жасты қоса алғанда) азаматтардың құжаттары қабылданады.

Тұрғын үй бағдарламасының негізгі шарты - "Отбасы банктің" салымшысы болу. Қатысушының есепшотында, кем дегенде, 1,8 миллион теңгенің депозиті болуы қажет.

"Elorda Jastary" бағдарламасының шарттары:

  • Қарыз сомасы 18 млн теңгеге дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме - жылдық 5% ;
  • Бастапқы жарна 10%;
  • Несиелеу мерзімі 25 жылға дейін;
  • "ҚТК" АҚ кепілдігі болған жағдайда бастапқы/қайталама нарықтардағы пайдалануға берілген тұрғын үй не үлестік қатысу шарты бойынша салынып жатқан тұрғын үйді рәсімдеуге рұқсат бар.

Бұдан бөлек, бағдарламаға қатысуға үміткер мен оның отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылдың ішінде тұрғын үй немесе жалға берілетін тұрғын үй болмауы керек.

Өтініш беруші ғана емес, отбасы мүшелері де астанада кемінде 1 жыл бойы тұрақты тіркеуде болуға тиіс.

Өтінімдер тек электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы жіберіледі.

Құжаттардің тізімі:

  • Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бала туу, неке қию, некені бұзу және т. б.);
  • Өтініш берушіге және Қазақстан Республикасы бойынша отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама;
  • Ұйымның/мекеменің фирмалық бланкісінде анықтама берілген күні, шығыс нөмірі, жұмысқа орналасқан күні және атқаратын лауазымы мен лауазымдық жалақысы көрсетілген жұмыс орнынан берілген анықтама. Ресми бланк болмаған жағдайда анықтамада ұйымның мөрі болуы тиіс;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар (қызметтік тізім, еңбек кітабы немесе т. б.);
  • Еңбек қызметінің барлық кезеңі үшін зейнетақы аударымдары туралы үзінді-көшірме ерлі-зайыптылардың екеуіне де (жұбайы (зайыбы);
  • Егер болса: өтініш берушіге немесе оның отбасы мүшелеріне (жұбайы, балалары) мүгедектігі туралы анықтама;
  • Депозитте жинақталған соманы көрсете отырып, "Отбасы банк" АҚ-да депозиттік шоттың болуы туралы анықтама (ерлі-зайыптылардың екеуіне де, жинақталған сома 1.8 млн. теңгеден кем болмауы тиіс);
  • Жұмыс істейтін ерлі-зайыптылардың екеуінде де соңғы 6 айдағы табысы туралы жұмыс орнынан анықтама болуы тиіс;
  • Жоғары немесе орта арнаулы білімі туралы құжат;
  • Қатысушыларды іріктеу балдық жүйе арқылы жүргізіледі.

Бағдарлама туралы толық ақпаратты zhilfond.kz сайтынан алуға болады.

Оқи отырыңыз: 

Баспана бағасы тағы қымбаттай ма - сарапшылар болжамы

Үй кезегін тексерген петропавлдық азамат өзінің "қайтыс болғанын" білді

Жаңалықтар
0