Экономика

Президент 600 мың қазақстандықты қуантатын жаңалықты бөлісті

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках на пешеходном переходе
Люди в масках на пешеходном переходе - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Жазылу
Мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілердің жалақысы жыл сайын орта есеппен 20%-ке артады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Келесі жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы артады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, 2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы өскен. Бірақ бюджеттен қаржыланатын өзге сала азаматтары одан тыс қалды.

"Олар мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілер және басқалары. Сондықтан 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20%-ке өсіреді", - деді президент жыл сайынғы жолдауында.

Оқи отырыңыз: Ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтеріледі – жолдау 

Айтуынша, тұтастай алғанда тағы 600 мың қазақстандық бұл бастаманың игілігін көреді.

Жаңалықтар
0