Экономика

Тоқаев "сұр" майнерлерді анықтау жұмыстарын жылдамдатуды тапсырды

© Photo : Pixabay / Kirstin SchornЛиния электропередачи
Линия электропередачи  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2021
Жазылу
Президент майнингті заңнамалық тұрғыдан реттеу мәселесін кейінге қалдырмау қажеттігін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевпен кездесуінде "сұр" майнерлерді анықтау бойынша тапсырма берді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына цифрлық майнинг саласын бақылау үшін қабылданып жатқан шаралар таныстырылды. Бұл өз қызметін тіркеусіз атқаратын субъектілерге қатысты. Министр "сұр" майнерлер шамамен 1200 МВт-қа дейін электр энергиясын тұтынатынын және оларды анықтау жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке, қажет болған жағдайда, басқа да құзырлы органдарды тарта отырып, аталған жұмыстарды жылдамдатуды, сондай-ақ майнингті заңнамалық тұрғыдан реттеу мәселесін кейінге қалдырмауды тапсырды. Бұл ретте "ақ" майнерлер өз қызметін қосымша шектеулерсіз жалғастырады.

Мемлекет басшысы ішкі нарықты сапалы жанар-жағар маймен және үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін Қазақстанның ресурсы мол екенін айтты.

Президент энергетика министріне жүктелген міндеттерді шешу үшін тиісті шараларды қабылдау қажеттігін тапсырды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0