Экономика

Тоқаев жанар май қорының азаюына жол берген ведомстволардың жұмысын сынға алды

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы еліміздегі жанар-жағар май қорының бірден азайып кетуіне жол берген ведомстволардың жұмысын сынады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында мемлекет басшысы еліміздегі жанар-жағар май қорының бірден азайып кетуіне жол бермеу қажет екенін атап өтіп, ішкі нарықтағы жағдайды осындай келеңсіздікке әкеп соқтырған ведомстволардың жұмысын сынға алды. Президент өнеркәсіп пен халықты электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету, сондай-ақ қосымша өндіріс қуаты көздерін құру қажет екеніне назар аударды.

Энергетика министрі президентке тапшылықтың орнын толтыру үшін қабылданған шұғыл шаралар туралы баяндады. Осыған байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары 2022 жылға шегерілген. Бұдан бөлек Ресейдің энергетика министрлігімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде шамамен 150 мың тонна дизель отыны көрші елден импортталды.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта жағдай тұрақталып келеді.

Сонымен қатар министр мемлекет басшысына Қазақстанның электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі болжамды теңгерімі жөнінде айтты. Алдағы онжылдықта электр энергиясын тұтыну көрсеткіші жыл сайын өседі деп күтілуде. Осыған байланысты жаңартылатын энергия көздерінің, сондай-ақ газ және гидроэлектр станциялары есебінен өндіріс көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0