Әлем

Қытайдың бір қаласында вирус тағы өршіді

© REUTERS / CHINA DAILYКитай
Китай - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2021
Жазылу
Қытайдың 11 провинциясында коронавирус жұқтырған жүздеген адам анықталды. Ауру "дельта" штамның салдарынан өршіп кетті деген болжам бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Гуаньсу провинциясының орталығы – Ланьчжоу қаласында коронавирус инфекциясы өршіп кеткеннен кейін қатаң карантин жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.

Ланьчжоу қаласында, шамамен, 3,5 миллион адам тұрады. Қатаң карантинге сәйкес, қатты қажеттілік болмаса, үйден шығуға болмайды. Жергілікті билік адамдардың далаға не үшін шыққанын бақылайды. Азық-түлікті жеткізу қызметі де тапсырысты есіктің алдында қойып кетуге міндетті.

Қоғамдық көлік пен такси тоқтатылады. Ал теміржол вокзалында 70-ке жуық рейсті шығармауға шешім қабылданды. Соның ішінде Бейжің мен Сианьге баратын пойыздар да бар.

China Southern Airlines әуе компаниясының өкілі Бейжің мен Ланьчжоу арасындағы рейстердің тоқтатылғанын растады. Әзірше ұшақтардың қай кезде адам тасымалдауды бастайтыны белгісіз.

Дүйсенбі, 25 қазанда Гуаньсу провинциясында коронавирус жұқтырған 51 адам анықталды. Ланьчжоудың өзінде 6 науқас тіркелді.

Жалпы, 17 қазаннан бері Қытайдың 11 провинциясында коронавирус жұқтырған жүздеген адам анықталды. Ауру "дельта" штамның салдарынан өршіп кетті деген болжам бар. Қытай үкіметі инфекция жұқтырған адамдарды бірден оқшаулауға тырысып жатыр. Ал тәртіпке бағынбайтын адамдар қызметтен босатылып, түзеу жұмыстарына жіберіледі.

Үш жастан бастап вакцина салынады

Қытайдың бес аймағында коронавирус инфекциясына қарсы екпені үш жастан бастап салуға шешім қабылданды. Билік органдарды жақын арада вакциналау шараларының басталатынын ескертті.

Қытайда балаларды үш жастан бастап балабақшаға бере бастайды. Ал пандемия кезінде инфекцияны жұқтыру қаупі күшейеді. Сол себепті балабақшаға баратындарға да екпе салуға шешім қабылданды.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Қытайда халықтың 76 проценті екпе салдырған.

Алайда ел билігі бұл көрсеткіш коронавирусты толығымен жеңуге жеткіліксіз деп санайды. Қытайда 1,4 миллиард тұрғын бар. Осы уақытқа дейін 1,07 миллиарды коронавирусқа қарсы вакциналаудан өтті.

Алдағы уақытта үш жасқа толған балаларға Қытайдың өзінде жасалған Sinopharm және Sinovac салынады. Бұл екпелер бүлдіршіндерге де егуге арналған.

Алайда бұған дейін он екі жасқа толған балаларға және ересек адамдарға коронавирусқа қарсы екпе салынып келген. Қытай билігі қатаң шаралардың арқасында ғана өңірлерде өршитін коронавирусты тоқтатуға болады деп санайды.

Бұдан бөлек, Қытай шетелдіктер салдарынан "дельта" штамының таралуына алаңдап отыр. Осыған байланысты саяхатшылар арасында кеңінен танымал провинциялардың бірінде туристік нысандардың бәрін жабуға шешім қабылданған.

Ал Ішкі Моңғолиның кейбір аудандарында тұратын адамдарға далаға шығуға тыйым салынды. Себебі осы аймақта коронавирус инфекциясы өршіп тұр.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0