Қоғам

"Вакцина алдымен ауыл балаларына салынады": министрлік түсініктеме берді

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуВакцинация ребенка
Вакцинация ребенка - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2021
Жазылу
Pfizer вакцинасын 12 жастан асқан және жүкті әйелдерге салуға болады. Қазақстан осы екпені жеткізу туралы келісімшартқа қол қойған

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде коронавирусқа қарсы вакцина алдымен ауыл балаларына салынады деген ақпарат тарады. Денсаулық министрлігі осы мәселеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.

"Бүгін балалардың вакцинациясын ауылдық округтерден бастайтынын білдім. Шамасы, олар ауылда ештеңе түсінбейтін және өз балаларын экспериментке ешбір қарсылықсыз апаратын адамдар тұрады деп санайтын шығар. Барлық туған-туысқа ескертіп қояйық", - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ондай жоспар жоқ. Балаларға салынатын вакцина да әлі келмеген.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 12 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат етілген Pfizer/BioNTech вакцинасы Қазақстанға әкелінбеген. Балаларды вакцинациялау жоспары да жоқ. Балаларды вакцинациялау ата-ана келісімі болса ғана жүргізіледі және баланың тұрғылықты жеріне байланысты болмайды", – дейді министрлік мамандары.

Айта кетері, Pfizer вакцинасын 12 жастан асқан және жүкті әйелдерге салуға болады. Қазақстан осы екпені жеткізу туралы келісімшартқа қол қойған. Денсаулық министрі Алексей Цойдың айтуынша, жақын арада Pfizer-дің алғашқы партиясы келеді.

Жаңалықтар
0