Оқиға

Павлодарда аулада болған қанды оқиға видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Абзал Калиевпышақ
пышақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2021
Жазылу
Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады полициядағылар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Павлодар қаласының көп қабатты тұрғын үй ауласында болған төбелестің соңы пышақ жарақатымен аяқталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгісіз біреулер Павлодар қаласындағы көп қабатты тұрғын үй ауласында спирттік ішімдік ішіп, түн тыныштығын бұзған.

Үй тұрғынының бірі және оның досы шулы отырыс ұйымдастырғандарға ескерту жасаған. Алайда олар ескертуге құлақ асудың орнына ерегесуге көшкен. Ерегес екі жақтың төбелесіне ұласты. Төбелес кезінде екі адам пышақ жарақатын алып, аураханаға түсті.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметкері Эльмира Темірғалиева Sputnik Қазақстан тілшіне зардап шегушілердің хирургиялық бөлімге жеткізілгенін айтты. Сонымен қатар бір науқастың жағдайына тоқталды.

"34 жастағы ер адам іш қуысы жарақатын алды, сондай-ақ пышақ беті мен сол жақ иығын жарақаттаған. Жарақат алушының мас екені анықталды, - дейді ол.

Полиция мәліметінше осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бабы 2-бөлімі (Екі және одан да көп адамның денсаулығына қасақана нұқсан келтіру) бойынша іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0