Оқиға

Павлодарда ер адам қызғаныштан өзінен 33 жас кіші сүйіктісін өлтіріп тастады

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2021
Жазылу
Көз жұмған қыз бірге тұрған ер адамнан 33 жасқа кіші болған, қаскөй он екі жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Павлодар облысы Успен ауданының тұрғыны басқа біреумен көңіл жарастырған бұрынғы сүйіктісін өлтіргені үшін сотталды. Оқиғаның мән-жайын Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Трагедия биыл маусым айында болған. Ауыл тұрғыны полицияға хабарласып, өз үйінің ауласында 28 жастағы жергілікті тұрғын өлтірілгенін айтқан.

Тергеу барысында анықталғандай, марқұм біраз уақыт Успенка ауылының 61 жастағы тұрғынымен бірге тұрған. Бірақ қос ғашық үнемі жанжалдасып, тіпті ер адам әйелге қол көтерген. Сол себепті қыз сүйіктісінен кетуге бел буған.

Әйел уақытша өз танысының үйін паналайды. Көп ұзамай үй иесіне  Павлодардан досы қонаққа келеді. Қонақ жігіт пен әлгі әйел арасында сезім пайда болып, екеуі қалаға бірге қайтуға шешім қабылдайды.

Мұны естіген 61 жастағы бұрынғы сүйіктісі ашуға булығады. Ол ішімдік ішіп, қолына пышақ алып, әйел тұрып жатқан үйге барады. Онымен сөйлесуге тырысып, үйіне оралуға көндіреді. Бірақ әйел райынан қайтпайды. Сол кезде ер адам ғашығын бірнеше рет пышақтайды.

Үй иесі қылмыскерді ұстап үлгермеген, ол белгісіз бағытта қашып кеткен. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер әйелді аман алып қала алмады.

Полиция аз уақыт ішінде күдіктінің мекенжайын анықтап, оны ұстады. Ер адам Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимді колонияда өтейді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0